Үкімет
1 мин оқу 214
Қазақстан Мысырмен әуе қатынасын тоқтатады
<p style="text-align: justify;">Қазақстан 3 желтоқсаннан бастап Мысырмен әуе қатынасын тоқтатады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Бельгияда Мысырдан келген адамнан «Омикрон» штамының коронавирус инфекциясы анықталғанына байланысты және Мысырдан келетін жолаушылар санын ескере отырып, Мысырмен әуе қатынасы тоқтатыла тұрады», деді бірінші вице-министр.
Сонымен қатар, Марат Шоранов Қазақстан Республикасы аумағында айналымда жүрген короновирус инфекциясы штамдарын секвенерлеу зерттеу жұмыстары жалғасатындығын атап өтті.
Бөлісу: