Аймақтар
1 мин оқу 242
Қостанайда 23 жастағы бойжеткен 5-қабаттан құлады
<p style="text-align: justify;">Қостанайдағы шағын ауданда көпқабатты үйлердің бірінде 23 жастағы бойжеткен 5-қабаттан құлады. Бұл фактіге қатысты Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«23 жастағы бойжеткен құлап кеткен. Жедел жәрдемге таңғы сағат 5.15-те қоңырау түсті. Қыз жедел жәрдем көлігі келгенге дейін мерт болған. Қатты жарақат алып, содан көз жұмған», деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Қостанай облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсінік бермеді.
Еске салайық, бір апта бұрын ғана осындай жағдай Рудныйда болған еді. 4-қабаттың балконынан 41 жастағы әйел құлаған болатын.
Бөлісу: