Коронавирус
1 мин оқу 330

Қазақстанда коронавирустан екі сәби қайтыс болды

<p style="text-align: justify;">Қазақстанда биыл COVID-19 инфекциясынан қанша бала қайтыс болғаны айтылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ана мен бала денсаулығын қорғау департаменті мәліметінше, 2021 жылғы 10 ай ішінде COVID-19 инфекциясынан Қазақстанда 11 бала қайтыс болған.

«Жедел деректер бойынша 2021 жылдың 10 айында COVID-19 инфекциясынан 1 айлық екі бала (Павлодар облысы, Алматы қаласы), 6 мектеп жасына дейінгі бала (Маңғыстау, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстары), 3 мектеп оқушысы (Қарағанды, Қызылорда облыстыры және Нұр-Сұлтан) қайтыс болды», дейді  департамент өкілдері.

Ведомство мәліметінше, балалар арасында COVID-19 жұқтырудың алдын алу шаралары ересектердегідей: санитарлық нормаларды сақтау, медициналық бетперде тағу, адам көп жиналатын орындардан аулақ болу, вакцина алу.

«Балаларда COVID-19 жұқтырғанда клиникалық белгілер: дене қызуының жоғарылауы, жоғарғы тыныс жолдарының зақымдануы түріндегі интоксикация синдромы дамиды, асқазан-ішек жолдары зақымдануы мүмкін, тыныс алу жеткіліксіздігі белгілері бар пневмония жағдайлары», деді.

Бөлісу:
Қазақстанда коронавирустан екі сәби қайтыс болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар