Хоккей
1 мин оқу 232

«Барыстың» тағы бір хоккейшісі ҚХЛ жұлдыздарының матчында ойнайды

<p style="text-align: justify;">Челябинскіде ҚХЛ-2022 жұлдыздарының матчына хоккейшілерді таңдау бойынша БАҚ өкілдері арасында дауыс беру өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Журналистердің дауыс беру қорытындысы бойынша «Еуразия» командасына ҚХЛ-дың ең жоғары ақы төленетін хоккейшісі, «Барыс» хоккей клубының капитаны Даррен Дитц қосылды. Оған қоса Еуразиялық құраманы Челябі «Тракторының» екі ойыншысы - Ник Бэйлен мен Лукаш Седлак толықтырады.

Бұған дейін жанкүйерлердің дауыс беру нәтижелері бойынша ҚХЛ барлық жұлдыздарының матчына қатысушылар тізіміне «Барыстың» үздік бомбардирі - Никита Михайлис енді.

Қалған хоккейшілерді Құрлықтық хоккей лигасы таңдайды. Әр құрамаға екі қақпашы, тоғыз алаңдағы ойыншы және екі жаттықтырушы кіреді. Үш кезеңнің қорытындысы бойынша 44 ойыншы таңдалады.

Бөлісу:
«Барыстың» тағы бір хоккейшісі ҚХЛ жұлдыздарының матчында ойнайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар