Жаңалықтар
1 мин оқу 330

Қытайда бала саудасы әшкереленді

28 02 - Kitai balalarҚытайдың полиция қызметкерлері елдегі 27 провинция мен автономиялық аудандарда бала саудасымен айналысты деген күдікпен мыңнан аса адамды тұтқындады. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады. Өткен жыл соңында Пекин мен Цзянсу провинциясының полицейлері жаңа туған нәрестелер мен мектеп жасына дейінгі балаларды асырап алу қызметін ұсынған төрт бірдей интернет сайтты тексерген болатын. Құқық қорғау қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру шарасы барысында интернет арқылы бүлдіршіндерді саудаға салған деген күдікпен 1094 адам қамауға алынып, қаскөйлердің қолында болған 382 бала құтқарылды. Қытай қоғамдық қауіпсіздік министрлігі хабарлағандай, қазір ұсталған күдіктілердің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Айдар Өрісбаев. Дереккөз: Ria.ru. Фото: Reuters.com.
Бөлісу:
Қытайда бала саудасы әшкереленді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар