Қазақстан
1 мин оқу 620

Желтоқсанда ХҚКО-лар жұмыс істемейтін күндер белгілі болды

<p style="text-align: justify;">1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күніне байланысты Қазақстанның ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лары жұмыс істемейді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&laquo;Азаматтарға арналған үкімет&raquo; мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.&nbsp;</p>

Бүгінгі таңда елімізде 334 халыққа қызмет көрсету бөлімі жұмыс істейді, оның ішінде 32 мамандандырылған ХҚКО бар, олар арқылы азаматтар мемлекеттік қызметтердің 662 түріне жүгіне алады. Сондай-ақ азаматтар электрондық анықтамалар мен қызметтерді egov.kz порталы, egovkzbot2.0 телеграмм-бот, egovmobile қосымшасы арқылы мереке күндеріне қарамастан онлайн-режимде рәсімдей алады.

«Біз қазақстандықтарды алдағы желтоқсан мерекелерімен құттықтаймыз. Демалыс және мереке күндері тұрғындар барлық шаруаларын аяқтауға, қандай да бір анықтама алуға тырысады. ХҚКО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейтінін еске саламын. Сенбі, жексенбі және мемлекеттік мереке күндері – демалыс күндері», деді Мемлекеттік корпорацияның қоғаммен байланыс жөніндегі басқарушы директоры Байрам Азизов.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары 16-17 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздік күніне байланысты жұмыс істемейді.

Бөлісу:
Желтоқсанда ХҚКО-лар жұмыс істемейтін күндер белгілі болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар