Оқиға
1 мин оқу 340
Ақтауда жаңа салынып жатқан тұрғын үйден өрт шықты
<p style="text-align: justify;">1 желтоқсанда Ақтаудың 34-шағынауданында өрт шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ақпарат бойынша, салынып жатқан тұрғын үй кешенінің алды жанған. Өрт сөндіруге 15 өртсөндіруші мен алты арнайы техника жұмылды.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
«Мереке күніне қарамастан, ТЖД-ның барлық жеке құрамы күшейтілген тәртіпте қызметке оралды. Гарнизонның жеке құрамы толық жауынгерлік әзірлікте, сондай-ақ, төтенше жағдайды жоюға дайын», деп мәлімдеді ТЖД басшысының орынбасары, подполковник Бекболат Әбдіқадыров.
Бөлісу: