Оқиға
1 мин оқу 283
Павлодарда бірқатар тұрғын үй сусыз қалды
<p style="text-align: justify;">Әлеуметтік желі қолданушылары Павлодар қаласында Сәтбаев-Естай көшелерінің қиылысындағы тас жолды су басып жатқаны туралы видео жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бүгін таңертең «Павлодар-Водоканал» ЖШС Сәтбаев көшесі, 63 ауданында («Экспресс» СҮ) диаметрі 500 мм құбырда апат болғанын мәлімдеді. Осыған байланысты келесі мекенжайлар бойынша сумен жабдықтау болмайды:
- Ак. Сәтбаев көшесі: 35, 37, 47, 43, 55, 57, 59, 63 (ОӘД), 65 («Экспресс» СҮ), 49 (облыс әкімдігі);
- Қайырбаев көшесі: 34, 36;
- Жеңіс алаңы бойынша: 3, 3/1, 5, 27;
- Ак.Бектұров көшесі, 60 (Қазтелеком);
- Астана көшесі бойынша: 119, 125, 127, 129;
- Ак. Марғұлан көшесі: 91/3 ,99, 101;
- Кривенко көшесі бойынша: 23, 25.
Бөлісу: