ШҚО-да синтетикалық есірткі таратқан курьер ұсталды
<p style="text-align: justify;">ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Рефлекс» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында есірткі сақтады деген күдікпен Өскемен қаласының 42 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
«Күдіктінің пәтерін тінту барысында жасыл, қызғылт және ақ түсті ұнтақ пен түйіршіктер түріндегі заты бар 55 полимерлі пакет пен түйіншек, буып-түюге және өлшеуге арналған электрондық таразы құрылғылар тәркіленді. Сарапшының қорытындысына сәйкес, алынған заттың жалпы салмағы 119,9395 г «α-пирролидиналерофенон» психотроптық зат болып табылады», деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, баптың санкциясымен 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.