Білім
1 мин оқу 1,016

Мектептерде жаңажылдық ертеңгіліктерге рұқсат беріле ме?

<p style="text-align: justify;">Балабақшаларда немесе мектептерде жаппай ертеңгіліктер болмайды. Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес елімізде бұқаралық іс-шаралар өткізілмейді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="https://egemen.kz/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Мектептегі бір сынып немесе балабақшадағы бір топ шеңберіндегі жаңа жылдық іс-шараларға келетін болсақ, мұндай шешімдер санитарлық дәрігерлердің келісімі бойынша және жергілікті эпидемиологиялық жағдайға байланысты білім беру ұйымдарының әкімшілігі деңгейінде қабылданады», делінген білім министрлігі тартқан ақпаратта.

Жоғары оқу орындарының әкімшілігі де санитарлық дәрігерлермен келісе отырып, эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаңа жылдық іс-шараларды өткізу туралы шешімді өздері қабылдайтын болады.

Бөлісу:
Мектептерде жаңажылдық ертеңгіліктерге рұқсат беріле ме? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар