Оқиға
1 мин оқу 201

Елордада құрылыс нысанынан кабель ұрлаған күдікті ұсталды

<p style="text-align: justify;">Елордалық полицейлер құрылыс нысанынан кабель ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде 26 жастағы ер адамды ұстады.

Тергеу барысында күдіктінің кешкі уақытта Сәтпаев көшесінде орналасқан құрылыс нысанына келіп, кабель ұрлағаны анықталды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Заттай дәлелдемелер алынды. Күдікті өз кінәсін мойындады. Қазіргі сәтте оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Бөлісу:
Елордада құрылыс нысанынан кабель ұрлаған күдікті ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар