Жапон теңізіне 8 тонна көмір төгілді
<p style="text-align: justify;">Панама туы ілінген Houei Crystal жүк кемесі Жапон теңізіне батып кетті. 17 экипаж мүшесі құтқарылды, біреуін іздеу жалғасуда, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>
Апат туралы дабыл Жапонияның батысындағы Шимане аймағындағы жағалауынан түскен.
Өңірге жапондық жағалау күзетінің фрегаттары жіберілді.
Мәліметтерге сәйкес, жүк тасымалдаушы Окиносима аралынан солтүстік-шығысықа қарай 380 шақырым жерде суға батып кеткен.
Оңтүстік Кореяның жағалау күзеті кемелері аймаққа келіп, құтқару қайығынан 17 экипаж мүшесін тапты.
Жоғалған экипаж мүшесін іздеумен Жапонияның жағалау күзеті айналысуда.
Бортында 8 тонна көмірі бар кеме Ресейдің Находка портынан Жапонияның орталық бөлігіндегі Кинуура портына бет алған.
Айта кетейік, барлық экипаж мүшелері Вьетнам азаматтары.