Қазақстан
1 мин оқу 360

Ауа райына байланысты 8 өңірде ескерту жарияланды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК синоптиктері еліміздің 8 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

3 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында боран, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстікте оңтүстік-батыстан,солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді,

Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Ал Ақмола облысының шығыс жартысында көктайғақ, бұрқасын болады деп болжануда. Облыстың батысында тұман түседі. Облыстың шығыс жартысында батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Көкшетауда таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді,

3 желтоқсан күні Түркістан облысының батысында, солтүстігінде шаңды дауыл соқса, күндіз таулы аудандарда найзағай болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақтауда түнде және таңертең тұман түседі.

3-5 желтоқсанда Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі.

3 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Орал қаласында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі.

Бөлісу: