Аймақтар
3 мин оқу 475

Жамбыл жастары Елбасы үндеуін қолдайды

<p style="text-align: justify;">Тұңғыш Президент күніне орай М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың &laquo;Елдіктің жеті тұғыры&raquo; атты жастарға арналған үндеуі бойынша ашық диалог өтті. Шараға қатысушылар әуелі &laquo;Елдіктің жеті тұғыры&raquo; атты жеті тақырыптағы кітап пен фото, картиналар және жобалар көрмесімен танысты. Сондай-ақ Елбасы туралы бейнероликті тамашалады.</p>

Жамбыл жастары Елбасы үндеуін қолдайды

Жиынға қатысқан Жам­был облысының әкімі Берді­бек Сапарбаев Тұңғыш Пре­зидент күні мерекесінің маңыздылығын және Нұр­сұл­тан Назарбаевтың ел үшін сіңірген еңбегін атап өтті. Өз сөзінде тәуелсіздік жыл­дарындағы еліміздің және облыстың толайым табыстарына да жан-жақты тоқталды. «Елбасы – еліміздегі тарихи бетбұрыс тұсында тәуел­сіздігіміздің тұғырлы, еге­мен­дігіміздің еңселі болуына өлшеусіз үлес қосты. Тәуелсіздік алған жылдан бері еліміздің бір бөлшегі ретінде облысымыз да әлеуметтік-экономикалық дамуды бастан кешті. Өздеріңіз білесіздер, жақында ғана Nur Otan пар­ти­ясы Саяси кеңесінің кеңей­тілген отырысында Ел­басы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын «Елдіктің жеті тұ­ғы­ры» атты қағидаттарын ұсынды. Олар: Тәуелсіздік – кез келген азамат үшін ең қастерлі құндылық. Бірлік пен келісім – елдігіміздің мыз­­ғымас тұғыры. Жер – ата-баба мұрасы, халық қа­зы­­н­асы. Отбасы мен салт-дәстүр – қоғамның алтын дің­гегі. Ұлттық мәдениет – ха­лықтың рухани тірегі. Білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті. Прагматизм – бәсекеге қабілетті болудың кепілі. Бұл қағидаттардың халқымыз үшін, әсіресе жас ұрпақ үшін маңызы зор. Осы құндылықтарды бойына сіңіру арқылы әрбір жас жетістікке жетуге, қоғамға пайдалы адам болуға, қоғам­ның белсенді мүшесі ретінде өмірлік ұстанымдарын қа­лып­тас­тыруға ұмтылуы тиіс. Біздің алдымызда атал­ған қағидаттан туындайтын аса үлкен міндеттер тұр. Ең алдымен, қағидатты облыс тұр­­ғындары арасында кең ауқым­ды түсіндіру шараларын қолға алуымыз керек. Бүгінгі кездесуіміз де дер кезінде ұйым­дастырылып отыр. Осы бағыттағы іс-шара­лар барлық өңірде, ұжым­да өз жалғасын табуы керек», деді Б.Сапар­баев.

Сонымен қатар әкім тәуел­сіздік жылдары мемлекет тарапынан жастарға көрсе­тіліп келе жат­қан айрық­ша қолдаулар туралы да айтып, ертеңгі ел тұтқасы саналатын бүгінгі жастарға үлкен сенім артылатынын жеткізді. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», деп дана Абай айтқандай, бүгінгі жастар еңбекке бейім, білімге құш­­тар болуы керек. Көп дү­ние өскелең ұрпаққа байланыс­ты. Мемлекетіміз тәуелсіз­дік­тің алғашқы жыл­­да­­рынан бастап жастар саяса­тына айрықша көңіл бөліп келеді. Елбасымыздың бастамасымен «Болашақ» бағдарламасы қолға алынып, мемлекет есе­бінен жастарымызды ше­тел­дердегі ең үздік оқу орын­дарында оқытуға жағ­дай жасалды. Мұндай мүмкіндік басқа ешқандай елде жоқ», деді Б.Сапарбаев.

Бұдан кейін, ашық  диа­лог­­қа қатысушылар әр адам рухани жаңғыруды өзі­нен бастау керектігі жайында пікір алмас­ты. Ол үшін ба­ла­ға ерте жас­тан дұрыс тәрбие беру, өзінің ана тілін үйрету, ғасырлар бойы жасап келе жатқан ұлт­тық құн­дылықтарды санасына сіңі­ру, үздіксіз білім алу мен тынымсыз еңбек ету керек­тігі де айтылды. Жиын­­­ға қа­­ты­сушы жас­тар да Ел­ба­­­сы­­ның жүктеген мін­де­т­тері өздеріне үлкен се­нім, жі­­гер сыйлайтынын жет­кіз­­ді. Мәселен, «Еуразия әлемі – жастардың ғылыми ізденісінде» халықаралық ғылы­ми байқауының және республикалық ғылыми-ин­новациялық жобалар бай­қауының жеңімпазы Мар­жан Қалмаханова, Су шаруа­шылығы, экология жә­не құрылыс институтының сту­денті, Enactus Kazakhstan National Expo-2021 жары­сының жеңімпазы Дониор Шарахмонов, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік уни­вер­ситеті «Ұстаз» инсти­ту­тының студенті, респуб­ликалық ғылыми Science slam байқауының жеңімпа­зы Александр Скалкин, атал­ған оқу ордасының «Журна­листика» мамандығының студенті, «Қасиетті Қазақ елі» халықаралық фестивалінің бас жүлдегері Жұматай Көк­субай, самбодан Азия чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері, елімізде өткен XI жазғы универсиадасында қазақ күресінің жеңімпазы атанған Аязбек Елизат және тағы да басқа жас­тар ойларын ортаға салып, жастарды қолдауға қатысты ұсыныс-пікірлерін білдірді. Бұл ретте Б.Сапарбаев еркін диалог барысында айтылған барлық ұсыныстың назар­ға алынатынын атап өтті.

Кездесуде өңірдің тәуел­сіз­дік жылдардағы даму тарихы туралы бейнеролик көрсе­тілді. Сонымен қатар М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің оқы­тушы-профессорлары жә­­не студенттері марапатталды. Бірқатар студентке Nur Otan партиясының мүшелік билеттері табысталды.

Ашық диалог аясында университет жастары еліміз­дің Тұңғыш Президенті Нұрсұл­тан Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттары бойынша ел жастарына үн­деу арнап, Шымкент қала­сындағы М.Әуезов атын­дағы университеттің студент­теріне челлендж жолдады.

Жамбыл облысы

Бөлісу:
Жамбыл жастары Елбасы үндеуін қолдайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар