Аймақтар
2 мин оқу 1,061

Көгершіндер көрмесі

<p style="text-align: justify;">Атыраудағы &laquo;Мұнайшы&raquo; денешынықтыру-сауықтыру кешенінде көгершіндер көрмесі өтті. Оған Атырау, Ақтөбе мен Қызылорда облысынан 150-ден астам көгершін өсіруші жиналды. &laquo;Мұнайшы&raquo; дене шынықтыру-сауықтыру кешеніндегі көрмені облыстық көгершін асыраушылар федерациясы ұйымдастырды.</p>

Көгершіндер көрмесі

Көгершін өсіруді хоббиі санайтынның бірі – Талап Жарылғасынов. Құрсай елді мекенінде тұратын 56 жастағы азамат көгершін өсіруді оқу­шы кезінде бастаған.

– Әлі күнге дейін көгершінді жан рақаты үшін өсіремін. Бірақ бұдан ешқандай пайда көрмеймін. Қазір менің 50-ден астам көгершінім бар. Балаларымның көгершін асыраумен айналысқанын қалаймын. Көрмеге неміс, чех көгершіндерін әкелдім. Менің көгершіндерім 2019 жылы осындай көрмеде бірінші орын алған еді, – дейді Талап Жарылғасынов.

Атыраулықтар көрмеге әкелінген түрлі түсті көгер­шін­­дермен суретке түсуге мүм­­кіндік алды. Биыл ал­тын­шы мүшеліне толған Алексей Хандокин көгершін өсірушілер әулетінен шық­қан. Өзі де көгершін өсіреді. Кө­гершіндерін серуенге шы­ғарып, әуеде билегенін қызық­тағанды тәуір көреді. Көрмеге өзгелердің көгершінін көру үшін келіпті.

Ал облыстық көгершін өсірушілер федерациясының президенті Жәнібек Қале­кеновтің өзі 60-қа жуық кө­гер­шін асырайды екен. Бұл көрмеге 150-ден астам адам өз­дері асырайтын көгер­шін­дердің түр-түрін әкеліпті.

– Біз Қазақстан мен Ресейдің көгершін асырау­шылары үшін көрме өтетінін хабарлаған едік. Бұл көрмеге Ақтөбе мен Қы­зылорда облысының Қа­залы ауда­нынан көгершін өсіру­шілер қатысып отыр. Бірақ ре­сей­ліктер қатыса алмады. Оған Ресейдегі коронавирус инфекциясының өршуі әсер етіп отыр. Енді алдағы наурыз айында тағы да көрме өткіземіз деп үміттенеміз. Өйткені Аты­рау­да көгершін өсірушілер са­ны артып келеді. Демек біз­дің ізбасарларымыз бар, – деп күледі Жәнібек Қалекенов.

Көр­менің соңында спорт­тық көгершіндер жарысы өтті. Оның қорытындысында көгершін өсірушілер естелік сыйлықтармен марапатталды.

Атырау облысы

Бөлісу:
Көгершіндер көрмесі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар