Әлем
1 мин оқу 700

Вакцинаны толық алған адамнан «омикрон» штамы анықталды

<p style="text-align: justify;">Коронавирустық инфекцияның жаңа нұсқасы жасыл құрлыққа да жетті. Австралия астанасы Канберрада алғаш рет толық егілген адамнан омикрон штамы анықталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Вакцинаны толық алған адамнан «омикрон» штамы анықталды

«Омикрон» вирусының нұсқасы Австралия астанасы Канберраға жетті және шетелге сапар шекпеген, толық вакцинацияланған адамнан анықталды. Бұл туралы ABC ақпарат таратып отыр. Осы жағдайға байланысты 29 қарашадан бастап Канберрада болған барлық адамдарға тиісті декларацияны толтырып, тест тапсыру талап етіледі.

Бұған дейін көршілес Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында омикрон инфекциясының 13 жағдайы анықталған болатын.

 

Бөлісу:
Вакцинаны толық алған адамнан «омикрон» штамы анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар