Қазақстан
1 мин оқу 480

Салық төлеуден жалтарған шенеунік ұсталды

<p style="text-align: justify;">ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі 157 млн теңгеден астам салық төлеуден жалтару фактісін анықтады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«ҚР Қаржы мониторингі Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті салық төлеуден жалтару фактісі бойынша «Бурлингазстрой компаниясы» ЖШС-қа қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады», деп жазады Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

Тергеу мәліметтері бойынша, кәсіпорын басшысы Өтегенов 2015-2019 жылдар аралығында салық декларациясына көрінеу жалған мәліметтер енгізгізіп отырған, нәтижесінде, ол 157 млн теңгеден астам сомаға салық төлеуден жалтарған.

«Өтегенов сотталды, сондай-ақ коммерциялық ұйымдарда ұйымдастырушылық-басқарушылық функцияларды орындаумен байланысты қызметпен айналысу құқығынан үш жылға айырылды», деп толықтырды ведомство.

Бөлісу:
Салық төлеуден жалтарған шенеунік ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар