Ауа райы
1 мин оқу 110

Еліміздің 6 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

<p style="text-align: justify;">Еліміздегі 6 облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Еліміздің 6 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

4 желтоқсанда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ертең Қарағанды облысының батысында, орталығында тұман түсуі ықтимал. Жезқазғанда ертең түнде тұман түседі.

4 желтоқсанда Ақмола облысының оңтүстік-шығысында тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с жетеді.

Сенбі, 4 желтоқсанда түнде және таңертең Түркістан облысының солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таулы аудандарда күші 15-20 м/с жетеді.

4 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түсуі мүмкін. Жел оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Оралда ертең түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Жел оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді.

4 желтоқсанда Ақтөбе облысының оңтүстігінде тұман түседі.

Бөлісу:
Еліміздің 6 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар