ШҚО-да карантиндік шектеулер ұзартылды
<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысында карантин шектеуі 17 желтоқсанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
ШҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Онда жазылғандай, өңір бойынша карантин 17 желтоқсанға дейін ұзартылды.
Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін. Бүгінде CОVІD-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының толтырылу деңгейі – 14,2%. Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 0,754.
Осы ретте ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықты карантин талаптары мен республикалық, облыстық бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулыларындағы барлық шектеулерді сақтауға шақырады.