Бокс
1 мин оқу 160

Жекпе-жек кейінге шегерілді

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Орта салмақтағы IBF және IBO чемпио&shy;ны қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен WBA Super титу&shy;лының иегері жапониялық Риота Мурата (16-2, 13 КО) арасын&shy;дағы жекпе-жек биыл өтпейтін болды.</p>

Жекпе-жек кейінге шегерілді

Әу баста үш тұжырым бойынша чем­пион­­дық атақ сарапқа салынатын кездесу 29 желтоқсанда Жапонияда өтеді деп жос­парланған болатын. Алайда Жапония билі­гінің коронавирус пандемиясына байланыс­ты қабылдаған жаңа шектеулерінен кейін ұйымдастырушылар жекпе-жекті кейінге ше­геруге мәжбүр болды. Себебі елдегі жаңа қау­лының ережесі бойынша, енді шетел азамат­тары Жапонияға кіре алмайды. Бұл шара әлем­ді шарпыған коронавирустың «Омикрон» шта­мы таралмас үшін жасалған.

Ресми тұлғалар Геннадий Головкин үшін же­ңілдік сұрағанымен,  Жапония үкіметі оған ке­лісім бермеген. Кейіннен айқастың биыл өт­пей­тінін отандасымыз Геннадий Головкин де, Рио­­та Муратаның ісін жүргізетін Teiken про­моу­­тер­лік компаниясы да ресми түрде мәлімдеді

Бөлісу:
Жекпе-жек кейінге шегерілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар