Тәуелсіздік
1 мин оқу 1,361

Елбасы: «Тәуелсіз еліміздің басты байлығы – адам»

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті &ndash; Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев &laquo;Тәуелсіздік тағылымы&raquo; мақаласында еліміздің басты құндылығын атады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Отыз жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, бүгінде дербес мемлекетке айналды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. Ал тәуелсіз Қазақстанның ең басты құндылығы – сіз бен біз.

«Мемле­ке­тіміздің тірегі де, алтын діңгегі де – Қазақстан хал­қы. Мен бойымдағы қуат, қыз­ме­тімдегі тәжі­рибе, ойымдағы нәр – бәрі-бәрін хал­қыма қыз­мет етуге жұмсап келемін», деп жазады Елбасы өзінің мақаласында.

Ол, сондай-ақ, ұзақ жылдар бойы атажұртын аңсап келген қандастарымыздың Қазақстанға оралу маңыздылығына тоқтала кетті.

«Сол үшін тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бері тағ­дыр талайымен дүниенің төрт бұрышына тарыдай ша­шыл­ған миллионнан астам қан­да­сымызды атамекенге алдырдым. Бұл айтар ауызға ғана оңай. Жер бетінде халқының саны миллионға жетпейтін қан­шама мемлекет бар. Біз осыншама қандасымызды шетелдерден алдырып қана қоймай, басына – баспана, өзіне – жұмыс, ұрпағына білім бердік. Бұл іс әлі де жалғасын таба береді. Осының бәрі тәуелсіздіктің арқасында ғана мүмкін болғанын ұмытпауымыз керек», дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бөлісу:
Елбасы: «Тәуелсіз еліміздің басты байлығы – адам» · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар