Хоккей
1 мин оқу 91

Нижнекамскідегі камбэк

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Шайбалы хоккейден Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсетіп жатқан елорданың &laquo;Барысы&raquo; сырт ай&shy;дын&shy;дағы ойындар сериясын жеңіс&shy;пен бастады. Нижнекамскіге сапар шеккен жерлестеріміз жергілікті &laquo;Неф&shy;те&shy;химиктен&raquo; басым түсті.</p>

Нижнекамскідегі камбэк

«Нефтехим Арена» спорт кешенінде өткен кездесудің бірінші таймында ойыншылар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алмады. Екінші 20-минутта аренаға жиналған жанкүйерлер үш шайбаның куәсі болды. Матчтың 30-минутында айдын иелерінен Сергей Купцов есепті ашса, арада үш минут өткенде Павел Порядин «Нефтехимиктің» басымдығын нығайта түсті. Дегенмен кезең соңында «Барыс» ойыншылары есеп айырмасын қысқартуға мүмкіндік алды. Шайба авторы – Роман Старченко.

Шешуші кезеңде жерлестеріміз жеңіс үшін барын салды. 48-минутта Кирилл Савицкий қарсылас қақпашысының қате­лігін тиімді пайдаланып, таблодағы көр­сеткішті 2:2-ге жеткізсе, сәлден кейін Кер­тис Волк елордалықтарды есепте алға шы­ғарды. Ал кездесудің аяқталуына бір минут қалғанда Томаш Юрчо шайбаны бос қалған қақпаға дәл бағыттап, ойынның нүктесін қойды – 2:4.

Бөлісу:
Нижнекамскідегі камбэк · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар