Еліміздің басым бөлігінде көктайғақ болады
<p style="text-align: justify;">2021 жылғы 6-шы желтоқсанда ел өңірлерінің басым бөлігінде болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясы жарияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ҚР басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады – жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын жауады, солтүстікте жаяу бұрқасын күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, еліміздің оңтүстігінде, солтүстігінде желдің күшеюі күтіледі.
Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман, таңертең және күндіз көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Алматы облысында Алакөл көлдерінің ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман, көктайғақ, солтүстік-шығысында желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында, Атырау облысының солтүстігінде, батысында және орталығында, Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Түркістан, Жамбыл облыстарының оңтүстігінде, таулы аудандарында, тау бөктерінде, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында және орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының шығысында тұман күтіледі, Шығыс Қазақстан облысының батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының орталығында тұман, түнде облыстың орталығында көктайғақ күтіледі.