Аймақтар
1 мин оқу 600

«Қаламгерлер аллеясы» ашылды

<p style="text-align: justify;">Қызылорда қаласының әкімі Ғанибек Қазантаевқа облыс орталығында &laquo;Қаламгерлер аллеясын&raquo; ашу жайлы ұсыныс айтылған еді. БАҚ өкілдерімен еркін форматта өткен емен-жар&shy;қын жүздесуде қала бас&shy;шысы қаламдастар ұсы&shy;&shy;нысын қолдаған. Тұңғыш Президент күні мере&shy;кесі қар&shy;саңында об&shy;лыс орта&shy;лығындағы Қал&shy;тай Мұха&shy;меджанов, Әб&shy;ділдә Тәжі&shy;баев, Зейнол&shy;ла Шүкі&shy;ров&shy;тердің ес&shy;керт&shy;кіші орна&shy;лас&shy;қан аумақ&shy;тан аллея ашылып, қа&shy;ла әкімінің орынбасары Бек&shy;тас Нұридинов жинал&shy;ған қауымды мерекемен құттықтады.</p>

«Қаламгерлер аллеясы» ашылды

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қы­зылорда қоғамдық телеар­насының құрылтайшысы, об­лыстық мәслихат депутаты Шаһизада Әбді­кәрімов қаламдастарға қол­дау танытқан азаматтарға алғысын айтса, ардагер жур­налистер Жолдасбек Ақ­сақалов пен Игорь Ти­тенок аллея лентасын қиды. Жергілікті өнерпаздар театр­ландырылған қойы­лым көрсетті.

Осы күні Студенттер сарайында қала әкімі Ғанибек Қазантаев БАҚ өкілдерімен кездесіп, биылғы жазда өткен жүздесуде айтылған мәселелер бойынша ат­қа­­рылған жұмыстар жай­лы тарата айтты. Жур­на­листердің ұсыныс-пікір­лері назарға алынып, арнайы іс-шаралар жоспары бекітілген.

– Маған елдің мұң-мұқтажын көтеріп жүрген журналистердің пікірі ма­ңызды. Сондықтан да сіздермен тоқсан сайын кез­десіп отыру дәс­түр­ге ай­налды. Шаһар тір­ші­­лігіне қатысты тың бас­та­­ма­ларды жоспарлау­да ин­фрақұрылым мен ком­му­налдық қызмет сапасын жақсарту, қаланы абаттандыру бағытындағы ұсыныс-пікірлеріңіз ескерілді, – деді қала басшысы.

Басқосуда әріптес­те­ріміз аллея үшін алғыс айтып, ұсыныстарын ортаға салды. Шет аймақтардағы жол, қоғамдық көлік, қысқа дайындық, қала та­залығы қатысты мә­се­лелерді кө­терді. Қы­зыл­­орда қоғам­дық теле­арнасының құрыл­тай­шысы, ақын Шаһизада Әбді­­кәрімов жаңа аллеяны қалам­герлер бас қосатын ор­та­лығына айналдыру үшін ар­найы шаралар өт­кізіп тұруды ұсынды.

 

Қызылорда

Бөлісу:
«Қаламгерлер аллеясы» ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар