Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 17 адам көз жұмды
<p style="text-align: justify;">ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Оған сәйкес, 4 желтоқсан күні Қазақстан аумағында 15 адам - коронавирустан, тағы 4 сырқат - пневмониядан көз жұмған.
Өңірлер бойынша коронавирустан қайтыс болғандардың көбі Нұр-Сұлтан қаласында және Солтүстік Қазақстан облысында - 4 науқастан.
Алматы қаласында және Шығыс Қазақстан облысында - 2, Қарағанды, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында - бір адамнан көз жұмған.
Еліміздің бірқатар өңірінде қайғылы жағдайлар болған. Тек Шымкент қаласы мен Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында ғана коронавирустан өлім-жітім болған жоқ.