Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
<p style="text-align: justify;">Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровты туған күнімен құттықтап, игіліктер мен оның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақордаға сілтеме жасап.</p>

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Жоғарғы Кеңесіне сайлаудың сәтті өткеніне қолдау білдіріп, Парламенттің жаңа құрамы мемлекеттің тұрақты дамуына қомақты үлес қосатынына және қазақ-қырғыз достығын, тату көршілік пен одақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.
Екі елдің басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты тереңдетуге бағытталған уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады.