Коронавирус
1 мин оқу 160

Елордада қанша адам Pfizer вакцинасын алды

<p style="text-align: justify;">Елордада Pfizer препаратын алуға жататын контингенттің 8,6 мыңнан астамы егілді. Вакцинациядан өткендер арасында бірінші орында жасөспірімдер &ndash; 12 жастан асқан 5 900-ге жуық бала тұр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы оқушылардың медициналық ұйымдарда да, білім беру мекемелерінің медициналық пункттерінде де белсенді вакцинацияланатынын хабарлады.

«Одан кейін емізетін аналар – 2 500-ден астам, ал жүкті әйелдер – 191 адам.

Жалпы қала бойынша КВИ-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін 475 мыңға жуық азамат алды, ал 434 мыңға жуық тұрғын иммундаудың толық курсынан өтті.

Сондай-ақ, елордада компоненттер арасындағы интервалға сәйкес азаматтардың ревакцинациясы жалғасуда. Осылайша, қалада 1600-ден астам адам қайта егілді», делінген әкімдік хабарламасында.

Бөлісу:
Елордада қанша адам Pfizer вакцинасын алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар