Футбол
1 мин оқу 252

«Төрттік финалдан» тыс қалды

<p class="2018-" style="text-align: justify;"><span style="letter-spacing: -.2pt;">Футзалдан Алматының &laquo;Қайраты&raquo; биылғы Чемпиондар лигасының элиталы кезеңінде сүрінді. Аталған жарыстың топтық турнирінде бір ойында жеңіске жетіп, бір матчта тең түсіп және бір кездесуде жеңілген жерлестеріміз &laquo;Төрттік финалға&raquo; шыға алмады.</span></p>

«Төрттік финалдан» тыс қалды

А тобында «ВитЭн» (Беларусь), «Аньер-Вильнев» (Франция) және «Тюмень» (Ресей) командаларымен сынға түскен «Қайрат» бірінші турда «ВитЭн» ұжымынан 3:2 есебімен басым түсті. Бұл ойында алматылықтар сапынан Савио, Альберт Ақбалықов және Шыңғыс Есенаманов мергендік танытты. Кака шәкірттері кейінгі турда Францияның «Аньер-Вильнев» клубымен шеберлік байқасты. Тартысты өткен ойында командалардың күш­тері тең болды – 3:3. «Қайрат» сапынан Эдсон бір гол салса, Диего дубльдің авторы атанды.

Шешуші турда «Қайрат» Ресейдің «Тю­мень» командасымен ойнады. Қазақстандық клубқа бұл ойында тек жеңіс қана керек еді. Себебі «Қайрат» жеңіске жеткен жағ­дайда ғана турнирдің бас жүлдесі үшін өтетін жарысқа жолдама ала алады. Алайда маңызды ойында Кака шәкірттері үш ұпай олжалай алмай, 3:2 есебімен жеңіліп қалды. Сөйтіп біздің топтан «Тюмень» келесі кезеңге шықты.

Бөлісу:
«Төрттік финалдан» тыс қалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар