Өнер
2 мин оқу 1,022

Талантты жастар танылды

<p style="text-align: justify;">Шығыста Өнер музейінің ұйымдастыруымен өтіп жат&shy;қан &laquo;Дала дидары&raquo; жобасында ауыл аясында ғана жүрген өнерлі жастар көрініп, орталыққа танылып жатыр. Жобаның мақсаты да сол еді.</p>

Талантты жастар танылды

Өткен аптада Тәуелсіз­дік­­тің 30 жылдығына арнал­ған «Дала дидары» өнер фес­ти­ва­лінде Ұлан және Глубокое аудан­дарының көрмесі ашылды. Әр ауданның өнері өзінше ерекше. Бірі озып, бірі кем түсіп жатыр деуден аулақпыз. Байқау болған соң оны арнайы құрылған әділқазы мү­шелері жыл соңына қарай анықтайды.

Бұл жолғы фестивальда әдет­тегідей аудан туралы бейнебаян ұсынылды, әншілер әуелете ән шырқады. Сахнаға Ұлан ауда­нының «Бескөл», Глубокое ауданының «Сарын» фоль­клор­лық ансамбльдері шы­ғып, өнер көрсетті. Жеке дауыстағы әншілері де құй­­қылжыта ән шыр­қап, күм­бір­лете күй төкті.

Шараның екінші бөлімінде вернисаж қонақтары музейдің үлкен және бағаналы залда­рындағы екі ауданның көр­месін тамашалады. Көрер­мен­дер көрмені тамашалап қана қойған жоқ, Аман­гелді Смағұлов, Нұржан Есхо­жин сынды қолөнер шебер­лерінің домбыра, астау жасау сәттерін көрді, қызық­тыр­ған сұрақтарын қойды. Көпшіліктің назары жүннен түскиіз басып, гобелен, яғни кілем-сурет тоқып отыр­ған Гаухар Қалиеваның шәкірт­теріне ауды. Ұлан ауданы Ма­май батыр ауылынан келген Әсем Арынқұл құрғақ жүннен түскиізді жаңаша түрлендірсе, Іңкәр Бауыржанқызы кергіште кесте тоқып, таңдай қақтырды елді. Ал Мамай батыр ауы­лының оқушысы Әлихан Әділханов өзіне комикс жанры ұнайтынын айтты. Айта кетсек, елімізде комикспен ай­на­­лысатын суретшілер ілеу­де біреу. Жас та болса, күр­делі жанр­ды қолға алған Ә.Әділ­ха­новтың жұмысына кәсіби су­рет­шілер оң бағасын беріп жатты.

 1

Шығыс Қазақстан облысы

Бөлісу:
Талантты жастар танылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар