Жаңалықтар
1 мин оқу 201

Иракта лаңкестікке қарсы операция жүргізілді

04 03 - IrakИрак ішкі істер министрлігінің қызметкерлері лаңкестікке қарсы операция жүргізді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі. Лаңкестікке қарсы арнайы операция Сириямен шектесіп жатқан Эль-Фаллуджа және Бағдаттан солтүстікке қарай 400 шақырым жерде орналасқан Мосул қалаларында жүріп өтті. Оның барысында полиция қызметкерлері 84 содырдың көзін жойған. Полиция генералы Махди аль-Гаррави Мосул қаласында 449 экстремист тұтқындалып, 21 миналанған автокөлік залалсыздандырылғанын, сондай-ақ ірі көлемде қару-жарақ, оқ-дәрі мен жарылғыш зат тәркіленгенін мәлімдеді. Ішкі істер министрлігінің дерегі бойынша, Эль-Фаллуджағы лаңкестікке қарсы операция барысында 10 лаңкестің көзі жойылған. Айдар Өрісбаев. Дереккөз: Itar-tass.com. Фото: Dosug.mg.  
Бөлісу:
Иракта лаңкестікке қарсы операция жүргізілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар