Аймақтар
1 мин оқу 270

Алматыда жылу жүйесі жарылды

<p style="text-align: justify;">Алматыда жылу трассасы жарылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Оқиға Рысқұлов даңғылының бойында орын алды. Куәгерлердің түсірген видеосы әлеуметтік желіде тарады. Сондай-ақ, оқиғаның көлік қозғалысына кедергі келтіргені көрініп тұр.

Аталмыш оқиғаға байланысты «Алматы жылу жүйесі» ЖШС баспасөз қызметі түсінік берді.

«Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына! Жылу трассасының жарылуына байланысты Рысқұлов даңғылы бойымен Жансүгіров көшесінен Розовая көшесіне дейін батыс бағыттағы қозғалыс жабылды. Шектеу жол төсемін қалпына келтіргенге дейін күшінде болады. Жол қозғалысына қатысушыларды қозғалыс бағытын алдын ала түзетуге және жол қозғалыс ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырамыз», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Алматыда жылу жүйесі жарылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар