Аймақтар
1 мин оқу 137
Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші көз жұмды
<p style="text-align: justify;">Павлодар облысында жол апатынан 49 жастағы жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«6 желтоқсан күні сағат 18:30-да «Ленинский-Русская Поляна» автожолының 136-шақырымында Ертіс ауданы Ынтымақ ауылына жақын маңда «Ауди-80» маркалы автокөліктің 49 жастағы жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Газель автокөлігімен бетпе-бет соқтығысып қалған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Ауди-80» автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды», деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қыметі.
Полиция атап өткендей, автокөліктер мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылған.
Тексеру жүріп жатыр.
Бөлісу: