Тейлор-Шарипова жекпе-жегі өтетін уақыт белгілі болды
<p style="text-align: justify;">Қазақ арулары арасынан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Фируза Шарипова кәсіпқой рингтегі кезекті жекпе-жегінде әлемнің абсолютті чемпионы атануға күш салады. Жеңіл салмақтағы ауыр шайқастың қай күні, сағат қаншада өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

11 желтоқсаннан 12 желтоқсанға қараған түні Ливерпуль рингінде әлемнің абсолютті чемпионы, ирландиялық Кэти Тейлор мен отандасымыз Фируза Шарипова шаршы алаңда кім мықты деген сауалға жауап іздейді. Жекпе-жек Қазақстан уақытымен түнгі 03.00-ге жоспарланған. Бұған дейін екі боксшы бір-бірі жайлы пікірлерімен бөліскен болатын. Тіпті, Тараз қаласының тумасы Фируза Шарипова қарсыласын нокаутқа түсіретінін айтып, мәлімдеме жасағаны да есте. Енді сол уәдесін орындаса, шіркін!