Аймақтар
1 мин оқу 340

ШҚО-да 300 тоннаға жуық шөп өртеніп жатыр

<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында 300 тоннаға жуық пішен өртенді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ШҚО-да 300 тоннаға жуық шөп өртеніп жатыр

ШҚО төтенше жағдайлар баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Жарма ауданы Үшбиік ауылында орналасқан шаруа қожалығының аумағында пішен отқа оранды.

«Қызыл жалын жалпы салмағы 280 тоннаға жететін 800 орама пішенді шарпыды. Тілсіз жауды ауыздықтауға 9 өрт сөндіруші мен 2 техника, жергілікті атқарушы органнан 5 адам мен 5 трактор және тірек пунктінің бір техникасы жұмылдырылған. Өрттің шығу себебі әлі анықталған жоқ», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Бөлісу:
ШҚО-да 300 тоннаға жуық шөп өртеніп жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар