Әлем
1 мин оқу 284
Сауда үйіндегі жарылыстан екі адам қаза тапты
<p style="text-align: justify;">Өзбекстанның Денау қаласындағы «Инденим» сауда кешенінде жарылыс болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>
Бұл туралы Информбюро сайты жазады.
Жарылыс түнгі сағат 3.57-де болған. Ғимараттың қабырғасы құлап, өртенген.
«Ғимаратта болған тоғыз адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде қирандылар астынан екі адамның мәйіті табылды», делінген ТЖД хабарламасында.
Қазіргі күні жарылыс себептерін анықтауға арналған комиссия құрылып, жұмыс істеп жатыр.
Бөлісу: