Семейлік алаяқ тұрғындарды 10 млн теңгеге алдаған
<p style="text-align: justify;">Семей қаласының тұрғындарын алдап, 10 млн теңгеге жуық пайда көрген алаяқ ұсталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a><br /><br /></p>
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына 24 жастағы азамат хабарласқан.
Өз сөзінде ол нарықтық бағадан әлдеқайда арзанға пәтер сатып алып беретіндігін айтқан бейтаныс әйелге 3 млн теңге бергенін жеткізді.
«Жедел іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған 27 жастағы қала тұрғынын ұстады. Сондай-ақ оның дәл осы әдіспен тағы екі адамды алдап соққаны белгілі болды. 52 және 27 жастағы зардап шегуші 6 850 000 теңге шығынға батқан. Күдікті өз кінәсін мойындады», деді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес тергеу амалдары жалғасуда.