Аймақтар
1 мин оқу 175
Алматыда жарылған жылу құбыры бой бермей тұр
<p style="text-align: justify;">Алматыда Рысқұлов даңғылындағы жылу жүйесінен ақау шықты. Төтенше жағдай салдарын жою жұмыстары әлі жалғасып жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Коммуналдық қызмет мәліметінше, қазір қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Болжам бойынша, жұмыс сағат 22.00-де аяқталуы мүмкін.
Қала тұрғындары жөндеу жұмыстары жүріп жатқан аумақты видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салып жатыр.
Видеожазбадан Рысқұлов көшесінің батыс бағытқа қарай жабылғанын көруге болады.
Еске салайық, бүгін, 7 желтоқсан күні Алматыда Рысқұлов пен Жансүгіров көшелерінің қиылысында ыстық су құбыры жарылды.
Бөлісу: