Әлем
1 мин оқу 355

Түрмедегі өрттен 38 адам қайтыс болды

<p style="text-align: justify;">Бурунди елінің түрмесінде тұтанған өрт салдарынан 38 адам қаза тауып, 69 адам жарақат алды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Түрмедегі өрттен 38 адам қайтыс болды

«Гитега орталық түрмесіндегі өрттен 38 адам қайтыс болды, сондай-ақ 12 адам тұншығып, 69-ы қатты зардап шекті», делінген Iwacu жергілікті басылымы жазған ақпаратта.

«Кем дегенде мың тұтқын ұсталатын түрмеде өрт таңғы сағат 4-те (Қазақстан уақытымен 08:00) болғандығы айтылады. Оқиға орнына «Қызыл крест» қызметкерлері мен өрт сөндірушілер жедел жетті, бірақ олар ғимараттан жылдам қайтуға мәжбүр болды «Олардың жүзінен қасіреттің табы айқын аңғарылып тұрды»,  деп жазды басылым.

Бөлісу:
Түрмедегі өрттен 38 адам қайтыс болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар