Өнер
1 мин оқу 1,340

Тұлғаларды сөйлеткен туындылар

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Қазақстаның Тұңғыш Президенті &minus; Елбасы кітапханасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Суретшілер одағының мүшесі Нұржан Қарымсақовтың &laquo;Ұлы дала перзенті&raquo; атты жеке көрмесі ашылды.</p>

Тұлғаларды сөйлеткен туындылар

Көрмеге қылқалам шеберінің монументалды кескіндеме жанрындағы 20 үздік жұмысы қойылды.

Мәдени шараның ашылуын­да Елбасы кітап­ханасы Музей құнды­лықтарын есепке алу және сақтау қызметінің басшысы Күләйша Ақтаева «Тәуел­сіздіктің мәдени негізі» жо­басы аясында өткен көрменің Қазақ­станның Тұңғыш Прези­дент күні мен Азаттығымыздың 30 жылдығына орай ұйымдастырылғанын атап өтті.

− Нұржан Жасабекұлының туындылары арасын­дағы ең танымалы – «Ел тұтқа» картинасы, ондағы түрлі-түсті паннода еліміздің 117 көрнекті тұлғасын көркем бейнелеп, халқымыздың тарихи кезеңдерін айшықты көрсете білген,−деді ол.

Шынында да суретшінің шығарма­шылы­ғында ұлт тарихы ерекше орын алады, әсіресе ол ел аума­ғында болған тарихи кезеңдерді тұтас көрсе­туге ұмтылған. Оны автордың компози­ция­лық құрылымы мен біртұтас сюжеттік серияларды құру қабілетінен байқайсыз.

Көрме барысында Қазақ­станның Халық Қаһар­маны, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев суретші еңбектері туралы парасатты ой айта келіп: «Біз – тамыры терең ержүрек халықпыз. Сондықтан да көне шежіреміз бен тарихымызға есімі алтын әріппен жа­зылған батырларды бедерлеген қыл­қалам шеберінің жұмыстарына риза боламын. Оның туындыларында ұлтымыздың болмысы, мәдениеті мен философиясы тұнып тұр» деп жылы лебізін білдірді.

Іс-шара соңында көрме иесі өз шығарма­шылы­ғындағы жаңаша ізде­ністеріне тоқталып, жиналған қауымға ризашылығын жеткізді.

Бөлісу:
Тұлғаларды сөйлеткен туындылар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар