Аустралия Бейжің Олимпиадасына дипломатиялық бойкот жариялады
<p style="text-align: justify;">Аустралия 2022 жылы Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына АҚШ жариялаған дипломатиялық бойкотқа қосылады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бұл туралы The Sydney Morning Herald сайты жазады.
Аустралия премьер-министрі Скотт Моррисон Сиднейдегі баспасөз мәслихатында Аустралия атынан ресми өкілдер қысқы Олимпиада ойындарына қатыспайтынын түсіндірді. Сонымен қатар, ел намысын қорғайтын құрамасы басында жоспарланғандай спорттық іс-шараға қатысады.
Моррисонның айтуынша, бойкот туралы шешімді үкімет Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы болжамды адам құқықтарының бұзылуына, сондай-ақ, Қытайдың Аустралияның ішкі істеріне араласуына қатысты бірқатар басқа мәселелерге байланысты қабылдаған. Сондай-ақ, Бейжіңнің Аустралияға қарсы сауда санкцияларына да назар аударды.
Еске салайық, 6 желтоқсанда АҚШ Бейжіңдегі 2022 жылғы Олимпиадаға дипломатиялық бойкот жариялады, бұл ресми тұлғалардың ойындарға барудан бас тартуын білдіреді. АҚШ-тан кейін Жаңа Зеландия билігі XXIV қысқы Олимпиада ойындарына қатысудан бас тартты.