Президент
1 мин оқу 570

Асқар Мамин ұлттық санақтың нәтижесін баяндады

<p style="text-align: justify;">Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында жүргізілген Ұлттық халық санағының алғашқы нәтижелері туралы баяндалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Асқар Маминнің мәліметі бойынша қазақстандықтардың жалпы саны – 19 169 550 адам. Отандастарымыздың 48,71 пайызы – ерлер, 51,29 пайызы - әйелдер. Қазақстан халқының орта жасы 31,94 жас деп көрсетілген.

Жалпы халықтың 33,97 пайызы – 17 жасқа дейінгі балалар, 19,72 пайызы – 14-28 жас аралығындағы жастар.

Еліміздегі қазақтардың үлесі – 70,18 пайызға жеткен. Халықтың 59,05 пайызы, яғни 11 320 410 адам еңбекке жарамды деп танылған.

Бөлісу:
Асқар Мамин ұлттық санақтың нәтижесін баяндады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар