Экология
1 мин оқу 810

Елімізде жаңа ұлттық парк құрылды

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы ҚР Экология министрі Серікқали Брекешев Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ведомствоның хабарлауынша, 7 желтоқсан күні ҚР Үкіметінің № 867 қаулысына сәйкес Қазақстанда «Ұлытау» ұлттық паркі құрылған.

«Ұлытау» ұлттық паркі ҚР Президентінің тапсырмасы аясында құрылып отыр.

Парк Қарағанды өңірінде орналасатын болады, оның аумағы 58,9 мың гектарды құрайды.

Парктің мақсаты – ерекше экологиялық әрі ғылыми құндылыққа ие мемлекеттік табиғи кешендердегі биологиялық және ландшафтық саналуандықты сақтау және қорғау», делінген хабарламада.

«Ұлытау» ұлттық паркі – Қазақстандағы 14-ші мемлекеттік табиғи парк.

Бөлісу:
Елімізде жаңа ұлттық парк құрылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар