Коронавирус
1 мин оқу 2,213

Қазақстан тағы бірнеше елдің вакцина паспортын мойындады

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы <a href="https://www.gov.kz/memleket/entities/kkkbtu/press/news/details/297986?lang=ru" target="_blank" rel="noopener noreferrer">жарияланды</a>, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.</p>

«Құжаттардың үлгілеріне сәйкес Аргентина Республикасында, Венгрияда, Грузияда, Иран Ислам Республикасында, Иорданияда, Канадада, Қырғыз Республикасында, Мальдив Республикасында, Моңғолияда, Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Молдова Республикасында, Перу Республикасында, Сан-Марино Республикасында, Сербия Республикасында, Тунис Республикасында, Үндістан Республикасында, Филиппин Республикасында, Таиландта, Түркия Республикасында, Черногория Республикасында, Чех Республикасында, Эстония республикасында және Жапонияда берілген азаматтардың КВИ-ға қарсы вакцинациясының паспорттары/сертификаттары/анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын», делінген қаулыда.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Бөлісу:
Қазақстан тағы бірнеше елдің вакцина паспортын мойындады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар