Аймақтар
1 мин оқу 1,815

Балық па, әлде жылан ба?

<p style="text-align: justify;">Құрманғазы ауданындағы әуес&shy;қой балық&shy;шылар өзгеше су маржанын ұс&shy;тады. Олар Ша&shy;рон өзенінің жағасынан ескі етіктің сыңарын тауып алған. Ал етіктен жыланға ұқсас балық шыққан.</p>

Балық па, әлде жылан ба?

– Бұрын дәл мұндай балықты кездестірмеген едік. Денесінде өзге ба­лық­тарға тән қабыршақ жоқ. Бірақ шырышты болады екен. Бір қарағанда жыланға ұқсайтын тәрізді. Сол себептен, бастапқыда мұны жылан деп ойладық. Кейіннен жойылып бара жатқан балықтың түрі екенін білдік. Мұндай ба­лық «Қызыл кітапқа» ен­гізілген. Ғаламтордағы ақпаратқа қарағанда, ба­лық­тың бұл түрі Ресей мен Финляндияның, Лат­вия мен Швецияның, Эс­тонияның су айдындарын­да ғана кездеседі. Ал біз­дің Шарон өзеніне қалай келгені белгісіз, – дейді тә­жірибелі балықшы Дми­трий Соколинский.

Оның айтуынша, жы­ланға ұқсайтын ба­лықтың ұзындығы 10-100 см ара­лығында болуы мүмкін. Бұл балықтан адам­ға ешқандай қауіп төн­бейді.

Атырау облысы

Бөлісу:
Балық па, әлде жылан ба? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар