Экономика
1 мин оқу 362

Қазақстанға әкелінетін тауарлар көлемі ұлғаяды

<p style="text-align: justify;">Бүгінгі Үкімет отырысы аясында ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы Ерболат Досаев 2022 жылы импорттың ұлғаюына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Төлем балансы әдіснамасы бойынша тауарлар импорты халық пен бизнес тарапынан сұраныстың өсуі, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар мен бастамаларды іске асыру есебінен 6,8%-ға, яғни 40,9 млрд АҚШ долларына дейін ұлғаяды», деді Ерболат Досаев Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, шетелдік тікелей инвесторлар кірістерінің 4,0%-ға өсуіне байланысты мұнай мен металл өндірісінің жоғары бағалары мен көлемдеріне байланысты кірістер балансының тапшылығы 4,6%-ға, яғни 24,5 млрд АҚШ долларына дейін артады.

«Осылайша, энергия ресурстарына бағаның өсуіне байланысты ағымдағы шоттың жақсаруы импорт бойынша кейінге қалдырылған сұранысты іске асыру тарапынан да, сондай-ақ шетелдік инвесторларға төлемдердің өсуі тарапынан да қысыммен тежеледі. Бұл өз кезегінде валюта нарығына қосымша қысым жасайды», деп түйіндеді Ұлттық Банк төрағасы.

Бөлісу:
Қазақстанға әкелінетін тауарлар көлемі ұлғаяды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар