Қазақстан
1 мин оқу 375

Аяқ киім өндірушілеріне таңбалау шығындарының жартысы өтеледі

<p style="text-align: justify;">ҚР ИИДМ-нің 2021 жылғы 9 қыркүйектегі бұйрығына отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Енгізілген өзгерістерге сәйкес, аяқ киім өнімін таңбалауға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді қоса алғанда, сәйкестендіру құралдарын жағуға арналған жабдықты сатып алуға байланысты жеңіл өнеркәсіп субъектілерінің шығындары өтелуге жатады:

  • Сәйкестендіру құралдарын сатып алуға;
  • Өнімді шығару сатысында сәйкестендіру құралдарын түсіру бойынша Баспаханалық қызметтерді сатып алуға;
  • Инженерлік бағдарламалық қамтамасыз етуді қоса алғанда, сәйкестендіру құралдарын немесе материалдық жеткізгіштерді салуға арналған жабдықты сатып алу арқылы өндірісті қайта жарақтандыруға жібереді.

Атап өтілгендей, индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне өтеуге ұсынылатын соманың 50%-ы мөлшерінде негізделген және құжатпен расталған шығындар өтеледі, бірақ одан аспайды:

  • Өтінім беру күніне дейін соңғы 24 ай ішінде индустриялық-инновациялық қызметтің бір субъектісіне шығындар бойынша 3 000 АЕК;
  • Өтінім берілген күнге дейінгі соңғы 24 ай ішінде келтірілген шығындар бойынша бір жеңіл өнеркәсіп субъектісіне 10 000 АЕК.

Шығындарды өтеу бойынша мемлекеттік қызметті QazIndustry көрсетеді.

Бұйрықтың толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Бөлісу:
Аяқ киім өндірушілеріне таңбалау шығындарының жартысы өтеледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар