Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 310

Чемпион атанатын күн жақын – Жәнібек Әлімханұлы

<p style="text-align: justify;">Шаршы алаңда 11 жекпе-жек өткізіп, барлығында қарсыластарынан басым түскен орта салмақ дәрежесіндегі қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы инстаграмдағы аккаунтында жаңа жылға арналған жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Чемпион атанатын күн жақын – Жәнібек Әлімханұлы

«Аллаға шүкір, 2021 жыл біздің командамыз үшін табысты аяқталды. Бір емес екі бірдей бұрынғы әлем чемпионын жеңдік. WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионына міндетті қарсылас атандық. Біз үшін бұл – тарих. 2022 жылы әлем чемпионы атанып, әлемге өзіміздің кім екенімізді көрсететін боламыз. Жаңа жеңістерге бірге жеткенше», деп жазды қазақ оғланы.

Естеріңізге сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы жақында WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Деметриус Андрадеге міндетті қарсылас атанған болатын.

Бөлісу:
Чемпион атанатын күн жақын – Жәнібек Әлімханұлы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар