Елордада азық-түлік бағасына бақылау жүргізіледі
<p style="text-align: justify;">Елордада қала әкімінің орынбасары Асқар Амриннің төрағалығымен азық-түлік тауарларына баға белгілеудің барлық тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Комиссия құрамында монополияға қарсы органның, Экономикалық тергеу департаментінің, Нұр-Сұлтан қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің және т.б. өкілдері болды.
Елордалық монополияға қарсы орган Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп азық-түлік ритейлі нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жүргізілген талдау туралы баяндады.
Сауда объектілерінің, атап айтқанда, көкөніс базарларының, үй жанындағы дүкендердің және Нұр-Сұлтан қаласының басқа да сауда объектілерінің қызметінде тұтынушылардың заңды құқықтарына қысым жасау белгілерін белгілеу бойынша іс-шаралар өткізілді. Осы талдауға жататындар қатарында METRO, Galmart, Small, Фермаг, Азат, Гүлжан желілері бар.
Анықталған бұзушылықтар Комиссияның қарауына шығарылады. Кәсіпкерлердің іс-әрекеттерінде сауда қызметі саласындағы заңнаманы бұзушылық белгілері анықталған кезде тиісті шаралар қабылданады. Айта кетейік, комиссия отырысы апта сайын өткізіледі.