Әлем
2 мин оқу 532

Байден-Путин келіссөзінде не талқыланды?

<p style="text-align: justify;">Өткен сейсенбіде АҚШ президенті Джо Байден мен Ресей президенті Вла&shy;&shy;димир Путин бейнебай&shy;ланыс арқылы келіс&shy;сөз&shy;дер жүргізді. Бұқара&shy;лық ақпарат құ&shy;рал&shy;дарында тара&shy;лған мәлі&shy;метке сү&shy;йен&shy;сек, екі елдің бас&shy;шы&shy;лары екі сағатқа жуық әңгі&shy;мелескен. Келіс&shy;&shy;сөз&shy;дер барысында негі&shy;зі&shy;нен Украина шекарасы ма&shy;ңын&shy;дағы ахуал сөз болған.</p>

Байден-Путин келіссөзінде не талқыланды?

Ақүй таратқан ақпаратқа сәйкес АҚШ пен Ресей басшылары күн тәртібіндегі бірқа­тар мәселені талқылаған кө­рі­неді. Президент Д.Байден Амери­ка Құрама Штаттары мен Еуро­па­лық одақ тарапы Ресейдің Украина шекарасы маңына қару­лы күштерін орналастыруға алаң­даушылығын білдіретінін жет­кізді. Сондай-ақ Ақүй бас­шы­сы әскери қақтығыс бола қал­ған жағдайда Ресейге қар­сы экономикалық санкция салу тә­сіліне жүгініп, басқа да ша­ра­лар қабылдайтынын айтты. Пре­зидент Д.Байден Украинаның еге­мендігі мен аумақтық тұтас­тығын қолдайтынын қайталап, деэскалация мен дипломатияға қайта оралуға шақырды.

Өкінішке қарай, бейне­кон­­ференция Украина шека­расында­ғы дағдарысты шеше алмады. Оның үстіне Кремль де, Ақүй де келісім мәселесінде айтарлықтай ілгерілеушілік туралы хабарлаған жоқ.

Ақүйдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Сал­ливан кездесуден кейін журналистерге берген сұхбатында Д.Байденнің В.Путинге таңдау ұсынғанын жеткізген: ахуалды дипломатиялық жолмен шешу немесе Ресей Украинаға басып кіре қалған жағдайда эконо­ми­калық және саяси қысым жасау.

АҚШ прези­ден­­тінің мұн­дай доқ көрсетуі В.Путиннің пікірін қанша­лық­ты өзгертеті­ні белгісіз. Өйткені Кремль та­­ратқан ақпаратқа қа­раған­да, В.Путин мәселені шешуге нақты ұсыныс жасамаған. Ке­рі­сінше Батыс елдерін айып­тап, олардың Украина мен оның айналасында әскери әле­уетін арттырып жатқанына нара­зы­лық білдірген.

Сондай-ақ Ресей басшысы НАТО-ның шығысқа, Ресей шекарасына қарай жақындамауына немесе Украинада шабуылдау­шы қару-жарақ жүйелерін орна­лас­тырмайтынына заңды кепіл­дік беруді талап еткен.

Бір қызығы, Кремль Д.Бай­деннің ресейлік әріптесі айт­қан талаптарды талқылауға ке­­ліскенін хабарлады. Алайда Ақүй әкімшілігі мұны жоққа шығарып отыр. New York Times газетінің хабарлауынша, НАТО-ның геоауқымын кеңейтпеуге мүлдем уәде берілмейді.

Сондай-ақ Д.Байден мен В.Путин АҚШ-Ресей ара­сын­­дағы стратегиялық тұрақ­ты­лық диалогын, төлемдік бағдар­ла­ма­лық қамтамасыз ету бо­йынша жеке үнқатысуды, Иран мәселесі секілді аймақтық түйткілдер бойынша бірлескен жұмыс жүргізудің маңызын талқылады.

Дегенмен бір нәрсе анық. Тараптар ахуалды шешуге ты­рыспақ. Президенттер өз әкімшіліктеріне алдағы уақыт­та аталған жағдаяттарға қа­тысты әрекет етуді тапсырған. АҚШ істі одақтастар мен серік­тестерін қатыстыра отырып қа­растырмақ. Сондықтан шы­ғар, Джо Байден ресейлік әріп­тесімен сөйлескеннен кейін Фран­ция, Германия, Италия және Ұлыбритания басшыларымен телефон арқылы тілдесті.

«Д.Байден әріптестеріне Пу­тин­мен сөйлескенін жет­кізді. Сондай-ақ Ресейдің Украи­на­дағы әскери әрекетінің ауыр зар­даптарын және деэскалация және дипломатияға оралу қажеттігін талқылады. Көш­басшылар Украинаның еге­мендігі мен аумақтық тұтас­тығын, сонымен қатар Ресейдің шиеленісті бәсеңдету және дип­ломатиямен айналысу қажет­тігін қолдайтындарын атап өтті. Олар тығыз байланыс­та болуға, соның ішінде НАТО одақ­тастарымен және Еуропалық одақ серіктестерімен келісілген және жан-жақты көзқарас бо­йынша консультациялар жүргі­зе­тініне келісті», делінген Ақүй таратқан ақпаратта.

Сарапшылардың айтуынша, Ресейдің Украина шекара­сы маңында әскерін орналас­тыру Кремльге кішігірім дипло­матиялық жеңіс сыйлап отыр. Экзетер университетінің профессоры Джонатан Маркустың айтуынша, осы әрекеттің нәти­жесінде Ресей мәселесі АҚШ-тағы негізгі күн тәртібіне шығып отыр. Осылайша, Кремль державалар үстелінен ойып тұрып орын алмақ.

Бөлісу:
Байден-Путин келіссөзінде не талқыланды? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар