Бокс
1 мин оқу 4,730

Бокс 2028 жылғы Олимпиада бағдарламасына енген жоқ

<p style="text-align: justify;">Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы ойындар бағдарламасына енетін спорт түрлерін жариялады. Олардың қатарында бокс, ауыр атлетика және қазіргі бессайыс жоқ деп жазад,&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ҰОК-ке сілтеме жасап.</p>

Бұған дейін ХОК президенті 2028 жылғы жазғы Олимпиадаға енетін 28 спорт түрін жариялаған болатын. Аталған тізімге үш спорт түрі енбей қалды.

– ХОК атқарушы комитеті бокс, ауыр атлетика және қазіргі бессайыстың өтінішін қабылдау немесе кері қайтару туралы ойланатын болады. АІВА қаржылық ашықтық бойынша жұмыстың жақсарғанын көрсетуі тиіс. Сондай-ақ төрешілерді тағайындауды дұрыс жолға қоюы керек.

IWF допингпен күрес жөніндегі ұсыныстарды толық орындап, допингке қарсы бағдарламаның толық тәуелсіздігін дәлелдеуі тиіс. Ал UIPM атпен жарысуды алмастыратын жаңа бағдарламаны дайындап шығуы қажет, - деді Бах. 

Бокс, ауыр атлетика мен қазіргі бессайысты Олимпиада бағдарламасында сақтау мәселесі ХОК-тің 2023 жылғы сессиясында қаралады. 

Бөлісу:
Бокс 2028 жылғы Олимпиада бағдарламасына енген жоқ · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар